15
декабрь
2020
Тәуелсіздік күніне құттықтау сөз!
Құрметті қазақ елі, баршаңызды ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!#Тәуелсіздік күні құтты болсын!##Қазақелі!
