29
август
2025
Мектеп формасына қатысты хабарландыру
Құрметті ата-аналар!
Жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына байланысты сіздерге мектеп формасына қойылатын талаптарды хабарлаймыз.
Барлық оқушылар мектепке бірыңғай мектеп формасымен келуі міндетті.
Мектеп формасының түсі:қара көк (темно синий )
Ұлдар үшін:
• Қара көк түсті шалбар (ұзындығы тобықты жабатын болу керек)
• Ақ жейде
• Қара көк пиджак (жакет )
. Қызыл галстук
• Классикалық қара аяқ киім
Қыздар үшін:
• Қара көк түсті белдемше (белдемше ұзындығы тізеден түсетін болуы керек).
• Ақ жейде
• Қара көк, жакет
• Классикалық қара аяқ киім
• Ақ бантик
Маңызды!
Спорттық киім тек дене шынықтыру сабағына арналған күндері ғана киіледі.
Оқушылардың киімі ұқыпты, сырт келбеті таза әрі жинақы болуы керек.
Сіздердің бұл талаптарға түсіністікпен қарап, балаларыңыздың мектеп формасын талапқа сай дайындауына көмектесетіндеріңізге сенімдіміз.
Ізгі ниетпен,
[Мектеп әкімшілігі]
